Мектеп Ұжымымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйекте халыққа арнаған Жолдауындағы негізгі тезистері тыңдалды.
12.09.2025
Жолдаудың тақырыбы:
«Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: цифрлық жаңғыру арқылы шешімдер»
Негізгі бағыттар мен бастамалар
1. Экономикалық тұрақтылық және инфляциямен күрес
-
Жоғары инфляция халық табысын жеп қоймауы тиіс.
-
Экономикалық "шеңберден" шығу үшін қажет болса, қатаң әрі батыл қадамдар қабылданады.
-
Макроэкономикалық тепе-теңдікті сақтау – басты міндет.
2. Индустрия және инвестициялар
-
Жоғары технологиялы өндіріс орындарын ашу: сирек кездесетін металдарды өңдеу, терең қайта өңдеу жобалары.
-
Шетелдік және отандық инвестицияларды өңдеу өнеркәсібіне тарту басымдыққа ие.
3. Цифрландыру және жасанды интеллект
-
Жасанды интеллект министрлігі құрылатын болды.
-
Мектеп бағдарламасына ЖИ (ИИ) негіздерін енгізу басталады.
-
Жоғарғы оқу орындары мен колледждерде «AI-Sana» бағдарламасы арқылы ІТ және ЖИ жобаларына жастарды тарту.
4. Шекара және инфрақұрылым
-
8 жаңа шекаралық өткізу бекеті ашылады, алдағы 3 жылда тағы 34 пункт жаңартылады.
-
Жүк тасымалдаушыларға қызмет көрсету сапасы артады.
5. ТКШ және экология
-
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесі (су, жылу, электр) ескірген, жаңғырту қажет.
-
Энергиялық тиімділік арттырылады, экологиялық және санитарлық нормалар қайта қаралады.
6. Білім беру
-
Педагогтардың цифрлық сауаттылығы артады.
-
IT, робототехника, жасанды интеллект пәндері мектептерде жүйелі түрде енгізіледі.
7. Парламенттік реформа
-
Болашақта бір палаталы парламент құрылуы мүмкін — тек партиялық тізіммен сайланатын жүйеге көшу ұсынылды.
8. Денсаулық сақтау және көші-қон
-
Көші-қонды басқару үшін біртұтас цифрлық жүйе енгізіледі (ішкі және сыртқы көші-қон).
-
Медициналық қызметтің сапасын ЖИ арқылы бақылау жүйесі іске қосылады.
-
Жол-көлік апаттары мен оның салдарымен күрес — азамат қауіпсіздігін арттырудағы басты бағыт.
9. Жастар және патриотизм
-
Жастардың патриотизмі — экстремизм мен ұраншылдықта емес, білім, еңбек, цифрлық жетістіктер арқылы көрінуі тиіс.