05.05.2026 ж. «Старый Колутон ауылының ЖОББМ» КММ-нің мектепалды «Б» сыныбында «Шабыт» бағдарламасы аясында «Әжелер ертегісі» тақырыбында жобалық жұмыс жүргізілді. Мақсаты: ұрпақтар арасындағы эмоционалдық байланысты нығайту, мәдени дәстүрлерді жеткізу, адамгершілік қасиеттерді (мейірімділік, адалдық, өзара көмек) тәрбиелеу, сондай-ақ балалардың сөйлеу тілін, есте сақтау қабілетін және қиялын дамыту. Жұмысты мектепалды «Б» сыныбының тәрбиешісі Христич М. В. жүргізді.